Каспий банкке қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Ватсап арқылы Каспий банкі банкротқа ұшырады деген жалған аудио жазба тарай бастады. Осыған орай, ел тұрғындарын арандатушылыққа ермеуге шақырамын. Бұл таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасында қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін. Жалған ақпарат таратуға қатысы барлардың барлығы анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады», — деді Алмас Садубаев.