Жамбыл ауданында бүгінде барлығы 2 390 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 3 өндірістік кооператив, 25 ауылшаруашылық кооперативі және 2 362 шаруа қожалықтары бар. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Бақыт Алпысбайұлының мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 21 млрд. 298,4 млн. теңгені құрады. Ал, нақты көлем индексі 107,5%-ға жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 12 млрд. 785 млн. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 106,3%. Ал мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 8 млрд. 482,8 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 109,3%-ды құрап отыр.
Сондай-ақ, аудан бойынша барлығы 1034,7 га егіс алқаптары жаңа су үнемдеу технологиясымен суғарылады. Оның ішінде 230 га жаңбырлатып, 804,7 га тамшылатып суару әдісі енгізілген.
Биылғы жылдың 9 айында аудан бойынша барлығы 148 млн. 416 мың теңгеге 36 техника сатып алынды. Атап айтар болсақ, лизинг жүйесі арқылы 70 млн. 381 мың теңгеге 12 дана техника алынды (Жамбыл а/о – «Райымқұлов» ШҚ 2 дана, Қызылқайнар а/о – «Эреке» ШҚ 8 дана, Тоғызтарау а/о – «Қайнар» ШҚ 1 дана, Гродиково а/о – «Тимофеев» ШҚ 1 дана). Сонымен бірге, шаруа қожалықтардың өз қаражаттары есебінен 78 млн. 035 мың теңгеге 17 техника игерілді (Қаратөбе а/о – «Этери» ШҚ 1 дана, Айшабибі а/о – «Ақкөл» ШҚ 6 дана, Гродиково а/о – «Ясмин» ШҚ 2 дана, «Рыбалко» ШҚ 1 дана, «Тимофеев» ШҚ 1 дана, «Дархан» ШҚ 1 дана, Ақбастау а/о – «Дәулет» ШҚ 2 дана, Жамбыл а/о – ЖК «Кауынбаев» 1 дана, Аса а/о – ЖК «Садыков» 1 дана, Полатқосшы а/о 1 дана).
Қазіргі таңда ауданда – 82 жылыжай бар (көлемі 7,633 га), атап айтар болсақ, Аса ауылдық округінде –3, Айшабибі ауылдық округінде – 1, Ақбұлым ауылдық округінде – 6, Қаратөбе ауылдық округінде – 72.
Айта кетейік, ауданның жалпы жер көлемі 430 954 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер 244 999 гектар. Елді мекен жерлері 28 258 гектар. Жалпы егістік жердің көлемі 64 189 гектар (32 974 гектар суармалы егістік, 31 215 гектар суарылмайтын егістік), оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдалануға жарамды егістік көлемі 59 163 гектар (30 333 гектар суармалы егістік, 28 830 гектар суарылмайтын егістік), 1 638 гектар көп жылдық екпелер, 9452 гектар шабындық, 339 315 гектар жайылымдық, 16 360 гектар бөгде жер учаскелері. Соңғы екі жыл көлемінде 2031,28 гектар жер мемлекеттік жер қорына алынып, 3283,9 гектар жер конкурс арқылы қайта айналымға қосылды.