Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредиттеуінен өтті

0 3

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредиттеуінен өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

2015 жылы Тараздық Зияткерлік мектеп Халықаралық Мектептер Кеңесінің мүшесі мәртебесін алды. 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында әлемнің әр елінен тоғыз тәуелсіз сарапшы Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келген болатын. Командалық сапардың қатысушылары қызметкерлермен, оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізіп, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын бағалады, жалпы мектеп қызметіне жеті басым бағыт бойынша талдау жасады.

— CIS қоғамдастығына кіру біздің алдымызда дамудың кең перспективасын ашады, сонымен қатар, мектептің үнемі өзін – өзі жетілдіріп отыруын талап етеді, — деп атап өтті мектеп директоры Талғат Байназаров.

Халықаралық Мектептер Кеңесінің командалық сапары мектеп мерейтойын тойлаумен тұспа-тұс келді. Шетелдік қонақтар мектептің 5 жылдығына арналған «Бес жылдың белесінде» атты гала-концертте дарынды оқушылардың өнерін жоғары бағалады.

Маған сәтті оқытудың маңызды аспектісі болып табылатын мектептегі жылы және жайлы атмосфера өте ұнады. Кез-келген уақытта кез-келген адамға көмек көрсетуге дайын, жауапты және ашық оқушыларды көргеніме қуаныштымын. Біз оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу кабинеттерінің жабдықталу деңгейін жоғары бағаладық, – деді комиссия төрағасы Патрисия Мертин.

Еске сала кетейік, Тараз қаласындағы Зияткерлік мектеп 2013 жылдың 4 шілдесінде ашылды. Бес жыл ішінде мектепті 400 түлек бітіріп шықты. 2017-2018 оқу жылында 158 түлектің 147-сі мемлекеттік грантқа ие болды. 44 түлек Назарбаев университетіне түсіп, 15 түлек жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында шақырту алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.