Өңірде «Ұстазым — ұлағатым» акциясы бастау алды

0 0

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын дайындау бойынша баспасөз конференциясы өтіп, партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов «Ұстазым — ұлағатым» акциясының бастау алғандығы туралы мәлімдеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елбасы биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында экономикадағы, әлеуметтік саладағы, өңірлік дамудағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға арналған іс-қимылдың кешенді бағдарламасын ұсынған болатын.

Жолдаудың әлеуметтік сипаты Елбасы саясатының халықтың әл-ауқатын жақсартып, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталғанын көрсетеді. Ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, білім беру мен медицинаға кететін шығындарды көбейту және басқа да бағыттардың әлеуметтік жаңғыруымызға серпін беретіні сөзсіз. Сонымен қатар, Елбасы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл маңызды құжат өз кезегінде мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, білім саласының одан әрі дамуына жол ашатыны даусыз.

Бүгіннен бастау алған «Ұстазым-ұлағатым» акциясы аясында 12-25 қараша күндері аралығында арнайы құрылған екі жұмыс тобы жоспарға сәйкес елді мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ұсыныстар жинақтайды. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желілерде де #Ұстазымұлағатым#Педагогмәртебесі хэштегтерімен ұсыныстар жинақталады. Әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракциясына, Білім және ғылым министрлігіне жолданатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.