Жамбылда жылдың ең үздік психологы анықталды

0 4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы республикалық «Ең үздік жыл психологы» байқауын өткізіп, үздік психологты анықтады. Алматы қаласында қараша айының 11-13 күндері аралығында өткен сайысқа Жамбыл облысынан 4 педагог-психолог қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Атап айтсақ, Шу ауданындағы С.Естемесов атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Айнұр Секербекова, Т.Рысқұлов ауданындағы Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің педагог-психологі Жаңылкүл Қалмаханбетқызы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің педагог-психологі Гүлжан Қырықбаева, Меркі ауданы №39 Т.Қожакеев атындағы мектеп-гимназиясының педагог-психологі Гүлзада Асубаева әділқазылардың шешімімен үздік деп танылды.

Сондай-ақ, аталған сайыста психологтар конкурс талаптарына сай педагогикалық, психологиялық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, авторлық бағдарламаларымен таныстырып, психологиялық-педагогикалық жағдайларды шешу жолдарын ұсынып, кәсіби біліктіліктерін көрсете алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.