Облыста «Protecting business and investment» жобасы аясында инвестициялық нысандарға баспасөз туры өткізілді

0 7

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Protecting business and investment» жобасын жүзеге асыру шеңберінде инвестициялық нысандарға республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін жан-жақты баспасөз турын ұйымдастырды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Баспасөз туры өндіру зауыты «Kaz-ir-Agro» ЖШС-нен басталды. Шу ауданына келген журналистерге зауыттың өндіріс цехтары көрсетілді, сондай-ақ ҚР МҚІжСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің, «Атамекен» ӨКП, Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының, «KAZAKH INVEST» ҰҚ АҚ өкілдерінен құралған топ май зауытын кеңейтуге бағытталған жұмыс барысымен танысты.

«Kaz-ir-Agro» ЖШС директорының орынбасары Марина Фетиссова ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен құрылған бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғаудың жаңа енгізілген жобасының маңыздылығын атап өтіп, жобалық кеңсе қызметкерлеріне тиянақты және жедел жұмыстары үшін алғысын білдірді.

МҚІжСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров: «Ағымдағы жылдың 11 қазанында Агенттіктің аумақтық және Ұлттық бюро деапртаменттері, Жамбыл облысының әкімдігі және «KAZAKHINVEST» ҰҚ» АҚ Жамбылы облысы бойынша өңірлік өкілдігі арасындағы ынтымақтастық туралы төртжақты меморандум шеңберінде «Kaz-Ir-Agro» ЖШС-ң Жамбыл облысы бойынша Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің әуре-сарсаңға салуы туралы хаты келіп түскен. Сол күні аталған органға жедел түрде бұл ЖШС-ң қол қойылған келесім-шартқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу аясында жұмыс істейтіні туралы ескертпе хат жолданды. Қазіргі таңда барлық бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, бұл күндері Агенттік жұмысындағы басты бағыттардың бірі ретінде бизнесті қорғау ісі болып отырғанын жеткізгім келеді. Бизнеске кез келген араласушылық төтенше жағдай ретінде қаралып, тиісті шаралар қабылданатын болады», — деп атап көрсетті.

Баспасөз турының келесі нысаны Т.Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығы болды.

Шара барысында делегеттар мен Қазақстандағы ірі мал шаруашылығы қожалығының жетекшісі, «Шәушен» ШҚ басшысы Сайрамбай Дөненбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасының жүзеге асырылуы және оның бизнеске пайдасы төңірегіндегі мәселелерді талқылады.

МҚІжСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы мен «Шәушен» ШҚ арасында жалпы сомасы 2 млрд 226 млн. теңге болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша екіжақты меморандумға қол қойылды.

МҚІжСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров өз сөзінде: Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы шет елдік және жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында танымал бола түсуде деп ойлаймын. Өйткені, жоба бірінші кезекте кәсіпкерлерді, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ, облыста және бүкіл елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған. Бизнес қауымдастығы өкілдерінен тек бір нәрсе, бизнесті адал жүргізу және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік талап етіледі. Ал біз өз кезегімізде барша бизнес қауымдастығына мемлекеттік органдар тарапынан болатын кез келген заңсыз әрекеттерге қарсы Агенттіктің барынша қолдау көрсететінін мәлімдейміз. Қазіргі күні біз жалпы сомасы 161 931 000 000 теңге болатын 5 сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісім-шартқа қол қойдық», — деп жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.