Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді

0 0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев  Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Бақытжан Әбдірұлы Тараз қаласындағы жұмыс сапарын Елбасы Жолдауында көрсетілген тапсырмаларға байланысты, жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысанның бірі «Көкжиек-2030» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің  жұмысымен танысудан бастады. Автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтін нысанды Премьер-Министр бастаған топ арнайы аралап көрді.

Сүт өнімдерін шығарумен айналысатын 2007 жылы құрылған кәсіпорын  ағымдағы жылы қайта кеңейтіліп құрылып, модернизацияланған.  Италияның «FRAU IMPLANTI» компаниясының жаңа үлгідегі автоматтандырылған желідегі құрал-жабдықтарымен жасақталған. Жоба құны – 1,6  млрд. теңге. Кәсіпорын жетекшісі Әбдіғали Бегімбетов  тәулігіне 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, Премьер-Министр жұмыс сапары барысында бірнеше өндіріс орындары мен білім беру, денсаулық сақтау нысандарын аралайды деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.