Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

0 1

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті достар, бауырлар, әлемдегі ең беделді UFC ұйымымен келісімшартқа отырғаным жайлы қуанышпен хабарлаймын. Менің бірінші жекпе-жегім таяу уақытта өтеді. Менің қарсыласы мықты спортшы, ол ММА тарихындағы ең мықтыларды жеңген. Бұл жоғарғы лигаға өту үшін жақсы мүмкіндік әрі қазақтардың кім екенін көрсету қажет! Менеджерлерімен атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіргім келеді», — дейді Исмағұлов Instagram желісіндегі парақшасында. 

Исмағұловтың бірінші қарсыласы туралы және жекпе-жектің қашан өтетіні жайлы таяу уақытта белгілі болады.  27 жастағы спортшы барлық жарыста Ресей атынан жұдырықтасады. Исмағұлов М-1 аясында жұдырықтасып, 18 жекпе-жектің он алтысында жеңіске жеткен. Оның тоғызын нокаутпен жеңген.

Соңғы рет ол 15 маусымда Орынборда жұдырықтасты. Алғашқы раундтың төртінші минутында белорус Артем Дамковский қарсыласы Исмағұловқа шабуылдап, қолын сындырып алады да, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Исмағұлов жеңіл салмақта М-1 чемпиондығын қорғап қалды.

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ емес. Мұның алдында Қытайда өскен Жұмабек Тұрсын осы ұйыммен келісім жасасқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.