Облыста «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік басталды

0 13

Облыста «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік басталды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыста атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19- 30 қараша аралығында республика көлемінде «Бала-құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік басталды.

Онкүндіктің барысында барлық аудандар мен Тараз қаласында Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.