Бүгін БЖЗҚ АҚ Жамбыл облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылған шараға 350 адам қатысты.
Қор қызметкерлері ашық есік шарасына келгендерге зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар, шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен танысты.
Сондай-ақ, қызметкерлер шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті.
Сонымен қатар, қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста филиал директоры Н.Джармуханбетов жеңімпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетейік, БЖЗҚ АҚ ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт аралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.