«Туған өлке-тұнған шежіре» экспедициясы аудандарды аралауда

0 12

Жамбыл облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен, «Туған өлке – тұнған шежіре» атты облыстық этнографиялық экспедиция Шу ауданына келіп жетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Экспедицияның негізгі мақсаты — облыс аумағында тұратын этностардың ұлттық дәстүрлерін танып білу, облыстағы көптеген ұлттардың салт-жоралғылары мен дәстүрлерін терең тану, олардың қоғамда ұлтаралық келісім мен шоғырландыру процестеріне оң әсерін, өзектілігін талдау.

Іс-шара барысында аудандағы әртүрлі ұлттардың этномәдени бірлестіктерінің тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі таныстырылды.

Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық киім үлгілері мен ұлттық тағамдарын көрсетіп, ұлттық би билеп, музыкалық аспаптарында ән шырқады.

Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері ауданымызда көптеген ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын зор мақтанышпен жеткізді.

Айта кетейік, аталмыш экспедиция қараша айының 27-і не дейін облыс аумағындағы 10 аудан мен Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларын аралайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.