Облыстық халық театрларының фестивалі басталды

0 0

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өңірлік облыстық халық театрларының «Театр-KZ» атты фестивалі басталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Облыстық халық театрларының қатысуымен өтіп жатқан шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отыр.

Фестивальдің салтанатты ашылуы барысында мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембина құтықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, фестиваль Жуалы ауданы театрының «Тағдыр тақтасы» поэтикалық драмасымен ашылды.

Бұл драмадан кейін шеберлік сыныбы басталды. Шеберлек сағатты Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі, «Формат Е» мәдени-даму оқу әдістемелік орталығының директоры Ерлан Әуесбаев пен Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Нұралы Абдуллаев өткізді.

Айта кетейік, аталған фестиваль ертеңге дейін жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.