Президент мақаласы Анкарада талқыланды

0 3

Президент Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Анкарада талқыланды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Түркия астанасында білім алып жүрген отыздан аса қазақстандық студент саясаттанушы, тарихшы ғалым Берік Әбдіғалиұлымен кездесу өткізді.

Аталған жиынға журналистика, тарих, компьютер инженериясы, дінтану сияқты түрлі мамандықтарда магистрлық, докторлық оқып жүрген студенттер қатысты.

Анкара Хажы Байрам Вели университетiнiң докторанты Мырзахан Байжанұлы кешке модераторлық етті. «Көк Ту» Қазақ мәдениетi қауымдастығы Төрайымы Ләззат Мүләзiмоғлу мен негiзiн қалаушы мүшесi Асел Лахаева студенттер өмірі туралы сөз сөйледі.

Кешке арнайы Кония қаласынан келген филолог Елдос Сүлеймен «Архив-2025» бағдарламасын көп үміт артып, Қытайда ашылмай жатқан деректің көп екендігіне назар аудартты. Ал, домбырашы Ержан Арқабай Анкарада өзі ашқан домбыра курсына қызығушылардың көп екендігін, ортақ мәдениет пен музыканың, әдебиет пен философияның түркі әлемі үшін маңызын айтып өтті.

Кездесу барысында сонымен қатар Кенесары ханнан бері қарайғы отарлыққа қарсы күрестер мен Алаш қайраткерлерінің мемлекет құруға талпынысы, желтоқсан көтерілісінің мемлекет тәуелсіздігіндегі алар орны айрықша атап өтілді.

Жастарды тыңдаған Берік Әбдіғалиұлы «Рухани жаңғыру» идеясының мән-мағынасы мен миссиясы турасында кең түсінік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.