Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындарға 10 822 теңгеден беріледі. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын қалалықтарға әлеуметтік төлемдер беріледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Жәрдемақы атаулы әлеуметтік көмекті алатын астаналықтарға беріледі. Бұл санатқа жан басына шаққандағы орташа табыстары кедейлік шегінен төмен азаматтар кіреді. Ол күнкөріс минимумының 50 %-ын құрайды.
Астана қаласының Алматы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы Инна Филаретованың айтуынша, елордадағы кедейлік шегі — 16 497 теңге. Жағдайы осы деңгейден төмен адамдар жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің айырмасы көлемінде отбасының әр мүшесіне төленетін қосымша төлемді алуға құқы бар.