Ғалымдар қорылдаудың өлімге әкелетін қаупін айтты

0 5

Адамның жүйкесіне тиіп қана қоймай, денсаулығына да орасан зор зиян келтіреді екен. Мюнхен университетінің ғалымдары анықтағандай, ұйықтап жатып қорылдайтын ер азаматтар мен қыз-келіншектер уақыт өте келе жүрек-қантамыр ауруына шалдығуы мүмкін.

Eurek Alert хабарлауынша, ауа жетіспеушілігінің зардабы ер адамға әйел затынан қарағанда «кешірек» тиеді – нәзік жандылар небәрі бірнеше жылдың ішінде жүрек дертіне ұшырауы ықтимал.

Зерттеушілер атап өткендей, емдік шаралар қабылдамау немесе дұрыс жатып ұйықтамау салдарынан апноэ — тыныстың қысқа уақытқа тоқтауы туындайды. Бұдан бөлек, қорылдау салдарынан жүректің сол жақ қарыншасы кішірейіп, қан ағысына ықпал етеді.

Ал қорылдаудың басты себебі – артық салмақ пен ұйықтағанда қисық жату. Ал тыныс жолдарының ауруы қорылдаудың негізгі себебіне жатпайтын көрінеді.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.