Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей телеарнасындағы «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламасында өнер көрсетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ғаламторда Димаштың интеллектуалдар клубының ауласында өнер көрсетіп жатқан видеосы жарияланды. Онда ол «Любовь уставших лебедей» әнін орындайды. Ал пианинода — танымал композитор Игорь Крутой
Айта кетейік, дәл осы әнмен Димаш Құдайберген Кремльдің сахнасына шыққан болатын.
Ал күні кеше Димаш Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде өткен «Жыл әні» фестивалінде өнер көрсетті.
«Жыл әні. «Олимпийский», рақмет! Маэстро Игорь Яковлевич Крутой, сізге үлкен рақмет, сіздің сыпайылығыңыз үшін, сіздің маған және менің халқыма деген махаббатыңыз үшін мың алғыс! Сіз, шынымен де, Крутойсыз! Үлкен рақмет», — деп жазды Димаш өзінің әлеуметтік парақшасында.
Еске салайық, күні кеше ғана қазақстандық әнші Лондонда жеке концертін өткізді.Оған әлемнің түрлі елдерінен жанкүйерлер жиналды. «Іndigo at the O2» концерттік залында өткен керемет концертінен соң Димаш бірқатар шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Алдағы 8 желтоқсан күні Д.Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында ән айтатыны жоспарланған.