Таразда “Алаш ұстанымы – ұлт мұраты” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті (ФОТО)

0 0

Бүгін Тараз қаласында “Алаш ұстанымы – ұлт мұраты” атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, – деп хабарлайды  “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында, танымал тарихшы-ғалымдарды Тараз төріне жинаған ауқымды шараны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр.

Шарада танымал тарихшы ғалымдар баяндама жасады. Атап айтсақ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Мәмбет Қойгелді, Халықаралық «Қаһармандар» қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, ф.ғ.к. Сұлтан Хан Жүсіп, «ҚР Ұлттық Музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, с.ғ.к. Берік Әбдіғалиұлы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерлан Сайлаубай, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай және «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер журналист Москау Нокрабеков сынды тарихшы ғалымдар бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.