Жамбыл облысының өнімдері Иран мен Бахрейнге экспортталатын болады

0 2

Жамбыл облысының ет өнімдері енді Иран мен Бахрейнге экспортталатын болады. Дамудың жаңа деңгейіне шыққан  Меркі ауданындағы ет комбинаты екі ирандық компаниямен келісімшарт жасасты. Бұл туралы “ZhambylNews” Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Ет комбинаты келісімшартқа сәйкес, 4 мың тонна етті Иран мен Бахрейнге жеткізуді жоспарлауда. Өткен жылы Иранға 200 тонна қой еті жеткізілген. Кәсіпорын тоқтап қалуға мәжбүр болғаннан кейін қайта іске қосылып, жылдың басынан бастап тағы да 200 тонна ет экспорттады.

«Меркі ет комбинаты» ЖШС директорының орынбасары Сұлтан Әлиасқаровтың айтуынша, кәсіпорын бірден 20 тонна етті экспортқа жөнелте алады. Мұнда күніне 150-ден 300 қой сойылады.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» кешенді жобасының аясында ауданда репродуктивті шаруашылықтардың, мал сою алаңдарының құрылысы жүріп жатыр, шаруа қожалықтары даму үстінде. Қой және ірі қара мал өсірумен айналысатын «Олжа», «АР-АС», «Нарт», «Нейля-С», «Қасапхана», АО «Меркі асыл тұқымды зауыты» сынды ірі жеті шаруа қожалығы және 6 мал сою алаңы бар.Сондай-ақ, өңірде ет бағытындағы тағы  25 кооператив құрылады. Мал басын көбейтуге жағдай жасау үшін айналымнан шығып қалған 214 мың гектар жайылымды алқаптың 175-н қайта айналымға енгізу жоспарлануда. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі ет экспорты 4,2 пайызға артқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.