Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты

0 0

Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Əзербайжан Республикасының Президенті И.Əлиев, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Н.Пашинян қатысты.

Мемлекеттер басшылары кездесу барысында түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жəне оны əрі қарай дамыту мəселелері жөнінде пікір алмасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.