Облыста Елбасының мақаласы аясында дөңгелек үстел өтті

0 1

Бүгін Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкерлері арасында күні кеше ғана жарыққа шыққан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлттық құндылықтарымыздың заманауи дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған жиынның негізгі мақсаты Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы көне рухани құндылықтарымыз түгендеп, оларды замануи үлгіде дамуына атсалысу.

Жиын барысында қызметкерлер арасында мақаладағы ауқымды тарауларға ашық ой-пікірлер білдіріліп, алдағы уақытта ұжым болып «Ұлы даланың жеті қырында» көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру үшін бір қатар жобаларды күн тәртібіне қойды.

Сонымен қатар, аталған дөңгелек үстелде орталықтың қызметкерлері халық игілігі үшін жыл басынан атқарылып келе жатқан жоспардағы іс-шаралардың маңызы мен қорытындысы, одан шыққан нәтижелеріне де айрықша тоқталып, сараптама жасап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.