Таразда «Біз — тәуелсіз елдің балаларымыз!» атты қайырылымдық концерті өтті (ФОТО)

0 1

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Біз — тәуелсіз елдің балаларымыз!» атты қайырылымдық концерті өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агентігі хабарлайды.

Қайырымдылық шара барысында «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы», «Облыстық жасөспірімдер үйі», «Ақыл ойы дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернаты», «Үміт», «Болашақ» және «Мейірім» мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Бірі мың бұрала билесе, өзгелері ән айтып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, қайырымдылық шарасында аталған мекеменің түлектері өнер көрсетіп, қатысушыларға шығармашылықтың шыңынан көрінуді және толағай табыс тіледі.

Дәстүрлі шара соңында қайырылымдық концертінен түскен қаражатқа ұйымдастырушылар мектеп-интернаттарына құнды сыйлықтар алынып, мекеме басшыларын тарту етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.