Елімізде Қазақстан тарихын зерттейтін ғылыми орталық құрылуы мүмкін.
Маңызды ұсыныс «Рухани жаңғыру – Тарихи сананы қалыптастыру» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында жасалды. Бас шаһарда өткен жиынға Түркия, Ресей, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің танымал ғалымдары келді. Еліміздің жетекші тарихшыларымен жүздескен шетелдік мамандар осы бағытта бірнеше жобаны жүзеге асыруға ниетті. Тарихшылар, ел тарихын әлі де болса тереңірек зерттеу керек дейді.
Бүркіт Аяған, тарих ғылымдарының докторы:
– Қазақ диаспорасының тарихын қайта зерттеп жатырмыз. 4-5 млн қазақ азаматы шетелде тұрып жатыр. Ол туралы жазып жүрген азаматтар көп. Ұлы отан соғысының тарихын қайта қарау керек.
Мерьем Хаким, Анкара қаласындағы Түрік әлемі институтының директоры:
– Қазақстандағы болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз. Оның ішінде Елбасының мақаласына аса назар аударудамыз. Бүкіл түркі әлемінде, жалпы өз территориясында ғана емес, түрік өркениетін таныту жөніндегі жұмыстарға біз де қатысқымыз келеді.
Дереккөз: 24.kz