Неліктен әйелдер ер адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді?

0 0

Көрсеткіш әр елге байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ әлем бойынша орташа есеппен айырмашылық 3 жылдан кем емес. Неліктен ер адамдар әйелдерге қарағанда өмірмен ерте қоштасады?

Ер адамдардың өмірі ауыр…

Бұрын ер адамдардың жұмысы өте ауыр (егістік, шахта, зауыт) болғандықтан, ерте қайтыс болады деп болжанатын. Ауыр еңбек денсаулыққа өз әсерін беріп, олар жиі ауырады делінетін. Бірақ қазір барлығымыз шамамен бірдей жұмыс (әсіресе, отырып жасайтын) атқарамыз. Яғни, өмір сүру ұзақтығы теңдесу керек болатын. Алайда, олай болмады: егер 200 жыл бұрын әйелдер орташа есеппен 33 жыл, еркектер 31 жыл өмір сүрген болса, қазір сәйкесінше, шамамен 83 және 79 жас. Ол кезде де, қазір де айырмашылық 5 %-ды құрайды.

Ер адамдар жиі тәуекелге барады…

Ғаламтордан еркектердің «біртүрлі» тәуекелге баратын сәттерін жиі көруге болады. Сонымен қатар, ер адамдар экстремалды спортқа жақын болатыны да рас. Сонымен қатар, олар әйелдерге қарағанда жиі темекі тартып, алкоголь ішеді.

Алайда, ғалымдардың айтуынша, мұндай әділетсіздіктің негізгі себебі  ағзамыздың құрылысында екен.

Сұрақтың жауабы біздің генде жатыр

Біздің хромосомаларымыздың ұшында қорғаныш қалпақшалар – теломерлер бар. Олар қысқарған сайын жасушалар қартайып, өле бастайды. Ғалымдар әйелдердің теломерлері ер адамдардың теломерлеріне қарағанда баяу қысқаратындығын анықтаған.  Оның себебі әйел гормоны эстрогені, яғни бұл гормон хромосоманы қартаюдан қорғайды.

«Эстроген теломерлерді ұзартатын ферменттің белсенділігін арттырады, сондықтан өмір ұзақтығы жоғарылайды. Сонымен қатар, бұл гормонның жоғарғы деңгейі жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсы жағдайда ұстап тұруға көмектеседі», — деп дәйексөз келтірді Daily Mail.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.