21 жастағы қазақ боксшы америкалықты жеңіп, WBC белбеуін иеленді

0 2

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіби карьерасындағы бесінші жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Хорхе Рамос болды. Жекпе-жекте Харсан төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Ескендір екінші жеңіл салмақ дәрежесінде «жастар» WBC Intercontinental чемпиондық титулын жеңіп алды.

Бұл — кәсіби карьерасында бесінші жекпе-жегін өткізген Харсанның екінші белбеуі. Ол 2017 жылдың қыркүйек айында WBB (бүкіләлемдік боксты бақылау кеңесі) ұйымының белбеуін жеңіп алды.

21 жастағы Ескендір Харсан 2017 жылдың шілде айында дебют жасады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.