Театрда Арғынбай Бекбосынұлының символикалық драмасы қойылады

0 1

2018 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 16.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып, жазушы-драматург Арғынбай Бекбосынұлының «Домалақ ене» атты символикалық драмасы көрсетіледі. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Драмада белгілі тарихи тұлғалар Бәйдібек баба мен Әмір Темір (Ақсақ Темір) өмір сүрген кезеңдегі солармен байланысты әлденеше оқиғалар әсерлі көрініс табады. Сондай-ақ, Домалақ ене – Нұрилә анамыздың Әулие ана болып танылуы тарихи және аңыз әңгімелер негізінде қызықты баяндалады.

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған аталған қойылымды тамашалауға шақырамыз.

Билеттер театр кассасында және арнайы таратушылар арқылы сатылады! 

Leave A Reply

Your email address will not be published.