Жамбылдық студенттер республикалық чемпионаттан жүлделі оралды

0 0

«Worldskills Kazakstan» республикалық чемпионатына қатысқан жамбылдық студенттер жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл  туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қазір әлемде жұмысшы мамандығына сұраныс артып келеді. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің сапасын жақсартып, халықаралық талаптарды енгізу мақсатында жыл сайын елімізде Worldskills чемпионаты ұйымдастырыла бастады.

3-7 желтоқсан аралығында өткен сайысқа өңірлік чемпионаттан топ жарған жамбылдық 12 студент кірпіш қалау, шанақ жөндеу, кондитерлік шеберлік, аспаз, шаштараз, электроника, дизайн, жеңіл автокөлікке қызмет көрсету секілді түрлі мамандықтар аясында өз өнерлерін паш етті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Жамбыл облысынан шанақ жөндеу құзіреттілігі бойынша Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Талғат Махамбетов 2 орынды және жеңіл автокөлікке қызмет көрсету құзіреттілігі бойынша Меркі колледжінің студенті Олжас Мәркім 3 орынды жеңіп алды. Топтан оза шыққан үздіктерді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Парламент депутаттары және министрлер марапаттады.

Өткен жылы Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионатында жамбылдық студенттер үздіктер қатарынан көрініп, күміс, қола медальдарын қанжығаларына байлаған болатын.

Айта кетейік, Worldskills жобасы – талай жастың өз кәсібін ашып, іскерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқушылардың болашақ мамандығын таңдауына да жол ашады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.