Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

0 11

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мақсат Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», — делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2017 жылы сәуірде Мақсат Мұханов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.