Облыста мыңнан астам адам адвокаттық тегін қызмет алған

0 1

Жамбыл облысының Құқық қорғау қызметтері орталығында бір жыл ішінде адвокаттардың тегін қызметтерімен 1 мыңнан астам адам пайдаланса, медиаторлар 287 азаматқа кеңес беріп, 11 медиативтік келісім жасады, әділет қызметкерлерімен 432, ал әкімдік қызметкерлерімен 227 адам қабылданды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ, бір жылда орталыққа 4,2 мыңнан астам азамат келіп, оның ішінде 2,1 мыңнан астам адамды прокурорлар жеке қабылдады. Ал 800-ден астам келушіге құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмек көрсетілді (талап-арыздар, өтініштер және т.б.).

Айта кетерлігі, прокуратура, «Нұр Отан» ХДП филиалының және басқа да уәкілетті органдардың басшылықтарымен орталықта жүйелі түрде жеке қабылдау өткізілуде.

Бұдан басқа, жер, экология және салық қатынастары саласындағы сарапшыларды тарта отырып, азаматтарды қабылдау жүзеге асырылған 7 іс-шара өткізілді. Орталық қызметінің тиімділігі оның өңір тұрғындары үшін нақты көмегінің куәсі ретінде прокуратура басшылығына арналған хаттар мен пікірлер дәлел. Мысалы, орталық қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында, төлеуден іс жүзінде босатылған ІІІ-топ мүгедегінен негізсіз ұсталған салық сомасы қайтарылған.

Атап айтқанда, дәл осы жерде азаматтар өздерінің өтініштерін беріп, бұрын берілген өтінішті қарау барысы жайлы біле алады, облыс басшылығының жеке қабылдауына жазыла алады, сондай-ақ басқа да білікті заң көмегін ала алады.

Айта кетейік, адвокаттық қызмет өз алдына табыс табуды мақсат етпейтіндіктен кәсіпкерлікке жатпайды. Заң фирмалары мен жеке жұмыс істейтін заңгерлердің қызметі азаматтық заңнама аясында нарықтық қатынастар қағидаттарымен, келісімдер бостандығы және тараптардың тең құқылығымен реттеледі. Сондай-ақ, қолданыстағы «Адвокаттық қыз­мет туралы» заңнамада «заң аясында жүзеге асырылған адвокат қызметіне қандай жолмен болса да араласуға немесе оған кедергі келтіруге тыйым салынады» деп анық жазылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.