Жамбыл облысында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті

0 11

Бүгін «Баласағұн» ОКЗ-да ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жұртшылықты мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты жиынға мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер кеңесінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, мәдениет саласының ардагерлері, зиялы қауым, ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өңір басшысы Асқар Мырзахметов Тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістіктері, әлеуметтік экономикалық дамуы, қазіргі қазақстандық қоғам үшін тарихи және рухани маңызы бар мәселелерге басты назар аударып, атқарылып жатқан шаралар туралы сөз қозғады, жиналған көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.

— Ұлы халқымыз тарихтың тегершегі тежелген кезде де азаттық деген ұлы мұраттан тайған емес. Сөзі тасқа қашалған Тоныкөк пен кешегі Ахмет Байтұрсынұлына дейін бұл аңсар замандар еш тиылған емес. Күлтегін мен Кенесарыға дейінгі ұлы дүбір жорықтарда  осы қасиетті мұраттың жолындағы бағасыз құрбандық болған. Бабалардың асыл арманына қазақ баласы қар кешіп жүріп жақындай түсті, елдігін арттыра түсті…. Бұл күн — барша қазақстандықтардың айрықша ардақтайтын күн. Бұл күн — тарихта кеткен еселеріміз еңселеніп қайтқан күн. Бұл күн — исі алаштың баласы бір-біріне қуанышын айтқан күн. Бұл күн — бабалар арманы арайлап атқан күн, — деді облыс әкімі өз сөзінде.

Мұнан соң аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бірқатар азаматтарды  Мемлекет басшысының Жарлығымен  «Парасат», II дәрежелі «Достық», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Салтанатты жиын соңы К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.