Жаңа жылдан бастап көпбалалы аналар, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар және бала күтіміне байланысты көмек алатын азаматтар барлық құжаттарын үйден шықпай-ақ онлайн режимде дайындай алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері хабарлады. Ведомство осы жылы цифрландыру бағытында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Келітрген мәліметтер бойынша қазір министрлік көрсететін мемлекеттік қызметтің 60% электронды жүйеде алуға болады. Келер жылы бұл көрсеткішті 80, 2020 жылы 90% жеткізу жоспарланып отыр.
Ербол Оспанов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы президентінің бірінші орынбасары:
— 2018 жылы біз үш жобаны жасағынбыз. Біріншісі — ол министрліктің ақпараттық жүйелерін дамыту. Бұл халыққа қызмет көрсету бойынша. Екіншісі — еңбек кітапшасын автоматтандыру. Үшіншісі — электронды еңбек биржасын дамыту. Пилоттық жобада 5 мыңнан аса мекеме тіркелді. 120 мыңнан аса еңбек келісімшарттары тіркелді.