Жаңа жылда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

0 2

Синоптик мамандар елде Жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болатынын болжады. Метеоролог мамандардың айтуынша, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында Қазақстанның көп бөлігінде күн қатты суытады. Тек республиканың солтүстік аумағында ғана ауа райы құбылмалы болады: күн бұлттанып, қатты жел мен боран соғады.

  • елдің орталық және шығыс өңірінде түнде ауа температурасы —15; —25 градус, ал күндіз —10; —20 градус болады;
  • оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде —2; —12 градус, күндіз —0; —5 градус, арасында 5 градусқа дейін жылиды;
  • түнде батыста —5; —15 градус, ал күндіз 0; 8 градус аяз болады.
  • солтүстік және солтүстік-батыста түнде —15: —23 градус, ал күндіз 7; 15 градус аяз.

Екінші қаңтар күні елдің көп өңірі антициклон құрсауында болады. Бұл кезде күн жылынуы мүмкін.

Астанада қаласында Жаңа жыл қарсаңында, 30-31 желтоқсан күндері қар жауады. Боран мен желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде —12; —17 градусты көрсетсе, күндіз 7; 12 градус аяз болады.2019 жылдың алғашқы күндері — 1-2 қаңтарда түнде ауа температурасы —20; —25 градусты көрсетсе, ал күндіз 15; 20 градус аяз.

Еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласында мереке күндері күн ашық болады. Түнде ауа температурасы —5; —10 градус болып, күндіз 0; 5 градуста тұрақтайды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.