Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында «Бәйтерек» (13) шағын ауданы 37 үй, 65-ші пәтер балконының сыртқы қалқасының (наружная перегородка) құлау фактісі тіркелген болатын. Демеушілер есебінен балконның сыртқы қалқасы толығымен қалпына келтірілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
«Бәйтерек» шағын ауданы, №37 75-пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы кезекте тұрған азаматтарға арналып «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы аясында салынған.
Тапсырыс беруші – «Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» КММ-сі;
Бас мердігер – «Комстроймонтаж» ЖШС-гі. Мердігермен Тапсырыс беруші арасында 06.09.2012 ж. №86 келісімшарты жасалған. Келісімшарт құны 431851,0 мың теңге.
Техникалық қадағалаушысы – «Құрылыс Жоба Инжиниринг» ЖШС-гі. Техникалық қадағалаушымен Тапсырыс беруші арасында 29.08.2012 ж. №69 келісімшарты жасалған. Келісім-шарт құны 5168,0 мың теңге.
Авторлық бақылаушысы – «Компания «Арыстан сервис» ЖШС-гі. Авторлық бақылаушымен Тапсырыс беруші арасында 05.09.2012 ж. №82 келісімшарты жасалған. Келісімшарт құны 1164,0 мың теңге.
Нысан бойынша құрылыс жұмыстары 2012 жылдың қыркүйек айында басталып, 2014 жылдың 27 маусымында пайдалануға тапсырылған. Келісімшарт негізінде 3 жылдық кепілдік мерзімі 2017 жылдың 27 маусымында аяқталған.
Бөлінген қаражаттар:
2012 жылға – 95082,0 мың теңге;
2013 жылға – 216700,0 мың теңге;
2014 жылға – 126400,0 мың теңге.
Қазіргі таңда, аталған тұрғын үй балконының сыртқы қалқасы құлау себебін анықтау бойынша арнайы комиссия құрылып, акті жасалды.
Қарау нәтижесінде:
2018 жылдың 16 желтоқсан күні сағат 10.50 шамасында Тараз қаласы аумағында болған дауылды желдің (екпіні 26 м/с) салдарынан «Бәйтерек» (13) шағын ауданы, 37 үй, 5-ші қабаттағы 65 пәтер балконының 7,2 шаршы метр сыртқы қалқасы (наружная перегородка) құлаған.
Тұрғын үйдің қаңқасы және қабатаралық жабындары (каркас и перекрытие) монолитті темір бетоннан, сыртқы және ішкі қабырғалары газдыбетондық блоктардан жасалғаны анықталды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Үйдің жалпы конструкциясына зақым келтірілмеген және ешқандай қауіп жоқ.
Дегенмен де, жергілікті атқарушы орган тарапынан тұрғын үйдің техникалық жағдайын зерделеу үшін (сейсмикалық қауіптілігін анықтау) арнайы мамандандырылған мекемелерді тарта отырып, үйге толық зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, аталған тұрғын үй құрылыс нормалары ережесіне сәйкес соғылған, жобадан ауытқушылық жоқ екендігі анықталды.