Қазақстанда 1 қаңтардан бастап шоттағы ақша үшін бонус төленбейді

0 7

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шоттағы сақталған ақша үшін сыйақы төлеуге тыйым салынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай түзетулер 2018 жылдың 2 шілдесіндегі заңмен енгізілді. Азаматтық кодекстің 751-бабында былай делінген: «Ағымдағы банктік шотта орналастырылған ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы төленбейді».

Қазақстанда депозиттер жүйесі өзгертілген болатын. 1 қазаннан бастап салымшылар үшін салымның үш түрі қолжетімді болды: мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар. Жинақ салымы бойынша үш айға арналған сыйақы мөлшерлемесі 12%, ал 24 айдан аса салым бойынша — 13,5%.

Leave A Reply

Your email address will not be published.