Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Сапар барысында тұрғый үй коммуналдық шаруашылығының жұмыс жайымен танысты. Депутаттар екі күн бойы өңірдегі тұрғын үй құрылысы саласында атқарылған жұмыстарды саралап, зерделеді. Қазір Парламентте тұрғын үй қатынастарын дамыту бойынша заң жобасына өзгерістер енгізу жайы қарастырылып жатыр. Ол үшін республикалық және өңірлік пәтер иелері коперативтері мен өзге де басқару органдарынан құрылған арнайы жұмыс тобы да жасақталған. Халық қалаулылары бұл заң оңтайлы болуы тиіс деп отыр.
Сапар Ахметов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
— Бұл жерде басқару органын қайта құрастыруымыз керек, басқаруды тұрғындарға беруіміз керек, әрбір үйде есепшот болу керек, сол есепшот бойынша тұрғындар ақшаны біржерге жинау керек содан кейін, не болмаса, басқарушы компания, не болмаса, сервистік компания дейді соларға өзінің тұрғын үйін сақтап, соған қызмет жасауға келісімшарт жасау керек.