Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналымы артты

0 3

Қазақстан мен Хорватия арасындағы тауар айналым соңғы 10 жылда 1,4 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында айтылды.

Күн тәртібінде еліміз бен Хорватия Үкіметі арасындағы қосарланған салықты болдырмау мен жалтаруға жол бермеу мәселелері қаралды. Осындай халықаралық шарттар шетелдік инвесторларға кепілдік беріп, салық салу құқығын қос мемлекет арасында әділетті бөлісуге мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

— Қазақстан және Хорватия арасындағы өзара сауданың көлемі өткен жыл ішінде едәуір ұлғайып 317 млн долларды құрады, оның ішінде экспорт 304, импорт 13 млн. Қазақстандық экспорттың негізгі бағыты мұнай өнімдері, алюминий. Импорт құрылымында фармацевтика, косметика, тоқыма өнімдері басымдыққа ие.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.