Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

0 0
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.