Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

0 1

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Астана мен Душанбе арасындағы жан-жақты ықпалдастықтың дәйекті дамып келе жатқанына көңілдері толатынын атап өтті.

Мемлекет басшылары бір-бірін алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.