Бүгінге арналған ауа райы болжамы

0 0

Еліміздің басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады, содан жауын-шашын жауады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің кей жерінде көктайғақ болып, жекелеген аудандарда жел күшеюі мүмкін.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.