Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда 618 сәби туылды. Мұндай ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Бисарина өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Дүниеге келген сәбилер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда өткен жылдың соңғы күнінде 106 нәресте туылды. Содан кейін Алматы облысында 66 бала дүниеге келсе, Жамбыл облысында – 57. Астанада – 51 сәби, Атырау облысында – 46, ал Қарағанды облысында – 44 сәби», — деп жазды Гаухар Бисарина.
Айта кетейік, 2017 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстанда 768 бала дүние есігін ашқан.