«Ақжол – автожол» өткізу пунктінде қырғызстандық шекаралық жасақ Қырғызстаннан Қазақстанға жасанды төлқұжат арқылы өтпек болған Түркияның үш азаматын ұстады. Бұл жөнінде kabar.kg хабарлайды.
Түркия азаматтарын жіті тексеру барысында олар бұған дейін Қырғызстанға өз құжаттарымен келгенін, алайда, заңдастыру мақсатында елден жасанды құжат арқылы кетпекші болғаны анықталды. Мән-жайды толық анықтау мақсатында ұсталған азаматтар ҚР МҰҚК бөлімшесінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Дереккөз: Baq.kz