130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың жұмысшының жалақысын көтереді

0 0

Елімізде 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адамды құрайтын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді деп, хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

1235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 – орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін — 18% өседі.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.