Елімізде алдағы күндері қар жауып, боран соғады

0 0

Синоптиктер 15-17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы күндері елімізде күн жылынады.

Демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы жылжыған атмосфералық фронттар ауа температурасының жоғарылауына әкелді.

Республиканың басым аймағында ауа температурасы климаттық нормадан 3…12 градусқа жоғары болды. Алдағы үш күнде Қазақстанға тағы да Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Орталық Азиядан фронттардың келуімен кей жерлерде қар, бұрқасын болып, батыстан қатты жел күшейеді, оңтүстік облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуінен кейін температура аздап төмендейді, бірақ әлі де бұл аралыққа нормадан жоғары ауа температурасы сақталады.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.