Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоқтығынан әзірге ақпарат жоқ – ҚР СІМ

0 0

Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында қазақстандықтар бар-жоғын ҚР СІМ нақтылап жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Ирандағы елшілігінің ақпараты бойынша Тегеран маңында апатқа ұшыраған «Boeing 707» ұшағының бортында қазақстандықтардың бар-жоқтығы туралы ақпарат әлі жоқ. Біздің дипломаттар Иран құзырлы органдарымен және Ирандағы Қырғызстанның елшілігімен байланыста. Нақтыланған ақпарат қосымша беріледі», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.