Жамбыл облысында мектеп асханалары тексерілуде

0 0

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Мектеп асханалары» жобасы аясында ведомствоаралық сарапшы топ облыс мектептерінде мониторинг жұмыстарын бастады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Зерделеу жұмыстарына партия облыстық филиалы, білім басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, ведомствоаралық сарапшы топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты – білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтану сапасын жақсарту. Сарапшы топ кеше облыс бойынша Тараз қаласындағы бірқатар мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Жоба аясында топ мүшелері балаларға әзірленген тамақтың сапасына, күнделікті ас мәзіріне, асхананың санитарлық жағдайына, буфеттердің талаптарға сай болуына зер салды.

Айта кетейік, зерделеу жұмыстары іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айына дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.