Абай және Ақбұлақ ауылдарының әкімдері халық алдында есеп берді

0 2

Жамбыл облысында аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтар пен ауыл әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Т. Рысқұлов ауданына қарасты Абай және Ақбұлақ ауылдарының әкімдері өткен жылы атқарылған істі қорытындылап, тұрғындарға есеп берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Абай ауылдық округі әкімі Мұратбек Арыстанбеков атқарылған жұмыстарды қорытындылап, қордаланған мәселелер мен оның шешілу жолдарын талқылады.

Сондай-ақ, жыл бойы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлеуетінің артуына өзіндік үлес қосқан азаматтарды алғыс xатпен марапаттады. Ағымдағы жылы атқарылар жұмыстың жоспарымен таныстырды.

Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Самат Атабаев та Қызылшаруа ауылының тұрғындарына есеп берді. Әр сала бойынша қол жеткен табыстар мен алда атқарылар жұмыстар туралы талдау жасады.

Сонымен қоса, кездесу xалық аз шоғырланған Бәйтелі ауылында өз жалғасын тауып, тұрғындардың талап-тілек, ұсыныстары қабылданды. Кей мәселелердің оңтайлы шешілуі бойынша бірқатар жұмыстар жоспарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.