Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

0 0

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Православие қауымын «Крещение Господне» мерекесімен құттықтайды. Сіздердің назарларыңызға 2019 жылғы 18 және 19 қаңтарда түнгі уақытта:

— Төле би даңғылы, 81-а мекен-жайда орналасқан «Приход собора Успения Божией Матери» шіркеуінің маңында («Үшбұлақ» каналы);

— Тараз қаласы аумағындағы Талас өзені жағалауында (Жамбыл даңғылында «Қарасай» тұрғын алқабы көпірінің маңы, «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы Талас су торабы мен «Тектұрмас» маңы) құтқарушы-сүңгуірлер тәуліктік кезекшілік атқаратындығын жеткізеді.

Сіздерден шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды және өздеріңізбен бірге ауыстыру үшін құрғақ киім мен ыстық сусын алуларыңызды сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.