Есірткі бизнесіне қарсы күрес жалғасуда

0 3

Есірткі бизнесіне есі кеткен ессіздердің қатары азаяр емес. Мәселен, 2018 жылы заңсыз сауда айналымы бойынша 2 тонна 252 келі есірткі заты тәркіленсе, оның ішінде 9 келісі героин,  ал 129 келі 552 грамы гашиш болған. 

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген күресте 821 есірткі қылмысы тіркелген, бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 31,2% — ға көбейіп отыр. Орын алған қылмыстық істер бойынша жалпы саны 104 есірткі заттары тәркіленіпті. Мәселен, 76 аса ірі көлемдегі есірткі құралдары сақталса, есірткі контрабандасының 65 және 4 есірткіні сақтау фактісі анықталды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде,  есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысып келген «Әдиевтік» ұйымдасқан қылмыстық тобы құрықталды. Нәтижесінде, олардан 5 келіден астам героин, көлік, ақша және алтын бұйымдары тәркіленді.

Сондай-ақ, осындай жоспарлы тексерулердің арқасында 44 есірткіге қатысты қылмыстың беті ашылған.

Негізгі мақсаты мен міндеті — Шу шатқалынан есірткі экспорты мен импортының жолын кесу болып табылатын «Мак» операциясы дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Осы жедел іздестіру арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтың 362фактісі анықталып, дер кезінде шара қолданылды.

Биылғы жылы да аталған бағытта жұмыс жалғасып, есірткі сауда айналымына қарсы күрес жүргізіле беретін болады.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.