Нұрлан Сейтімов ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды

0 0

Нұрлан Сейтімов ҚР СІМ жауапты хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Нұрлан Сейтімов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.  2016 жылы 29 наурызда Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Дипломатиялық рангы: II санатты төтенше әрі өкілетті елші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.