Ғалымдар көп ұйықтау жүкті әйелдер үшін қатерлі екенін айтты

0 1

АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдары тәулігіне тоғыз сағаттан астам ұйқының жүкті әйелдерге қатерін зерттеді. Бұл туралы EurekAlert басылымы хабарлайды.

Зерттеуге 600-ден астам әйел қатысты. Олардың 153-і жүктіліктің соңғы айында түсік тастаған, ал 480 әйел үшінші триместрде, кейбірі енді ғана босанған әйелдер болды.

Мамандар жүкті әйелдің түнгі ұйқысының жиі бөлінуі іштегі бала үшін қорғаныс механизмі міндетін атқаратынын анықтады. Тоғыз сағаттан асатын үзіліссіз ұйқы түсік тастауға немесе ерте босануға себеп болатын көрінеді.

Ғалымдардың бірі Луиза О’Брайен мұның салдарын тексеру қажеттігін айтады. Әзірге бір белгілісі, түнде жиі ояну артериалдық қысымды көтеріп, вегетативтік жүйке жүйесін белсенді етеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.