Назарбаев Қазақстан азаматтарының Тәжікстан аумағында болу тәртібі туралы заңға қол қойды

0 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар құжатқа қол қойды, — деп хабарлады «ZhambylNews» AA Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.